Жамбыл облысы Қордай ауданында «Дерадикаландырудың заманауи тәжірибелері және оңалту жұмыстарының тәсілдері» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсы өтті.
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті мен Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының ұйымдастыруымен бастау алған көлемді шараға білікті дін мамандары, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша имам-ұстаздары қатысты.
Имамдар үйінде өткен жиынға Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры Тимур Нүсіпханұлы модераторлық етті.
2 күнге созылатын шараның ашылуында ҚМДБ-ның Жабыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев сөз бастап, шараны ашып берді. Сонымен қатар діни экстремизімнің алдын алу жұмыстарын жүргізуге қатысты бірнеше білікті мамандар дәріс оқыды.
Атап айтсақ, «Экстремизм мен тероризмнің алдын алу жолдары» тақырыбында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығының директоры Тимур Нүсіпханұлы, «Діни конфликтің себептері мен алдын-алу жолдары» жайлы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Н. Смағұлов, «Діни мәтіндерді түсінудегі мантық (логика) ілімінің маңыздылығы мен негіздері» туралы АТТ мұшесі, Алматы облысының Дін істері басқармасы, Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым өкілдерін оңалту орталығының теолгы А.Сәлімбайұлы лекция оқыды.
Осындай терең білім мен тәжірибеге толы дәрістер «Радикалсыздандырудың теологиялық әдіс-тәсілдері», «Діни конфликтің себептері мен алдын-алу жолдары», «Діни мәтіндерді түсінудегі мантық (логика) ілімінің маңыздылығы мен негіздері» тақырыптарында да жүргізілді.
Ауқымды шара негізінде имамдар мен ұстаздар біліктіліктерін арттырып, нақты ақпараттарға қанық болды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі