Қордай ауданына сапармен барған ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы, облыстық мешіттің іс басқарышысы Халид Қожахметов және Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы Масаншы ауылына арнайы ат басын бұрды.
Ауылға қарасты барлық мешіттерді аралап, имамдары мен қызметкерлерімен жүздесті. Ауылдағы Алла үйлерінің хал-ахуалын қарап, дін мамандарымен тілдесті.
Облыс бас имамы имамдарға муфтият тарапынан жолданған бірқатар тапсырмаларын беріп, алдағы уақытта қырағы түрде жұмыс жасауға шақырды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешінің баспасөз қызметі