Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев Қордай ауданы Масаншы ауылы "Хамзат" мешітіне арнайы зиярат жасады.
Облыстың діни көшбасшысы мешіттегі сауат ашу курсының жұмысымен танысты. Әрі мешітті аралап, жамағаты, хал-ахуалы жайлы ақпараттар алып, өз көзімен көріп қайтты.
Бас имам дәріс бағдарламасы, уақыты, шәкірттермен жұмысқа аса мән берді. Сонымен қатар аталған мешіттің имамдарына курс дәрістерін тек күндізгі уақытқа қоюын тапсырды. Осы жүктемеге сәйкес "Хамзат" мешітінде кешкі сабақтар тоқтатылып, толықтай күндізгі мерзімге ауыстырылды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі