Қыз тәрбиесі халқымыздың өмірінде ерекше орын алады. Қырық үйден тыйым салып, оны қонақ деп өз үйіне ұзатылғанша қурметтеген. Асыл дінімізде де қыз баласына қатысты көптеген мысалдар бар. Сондықтан ұлттың ұяты саналатын қыздарға, болашақ аналарға көңіл бөліп, ақыл айтып отырған артықтық етпейді.
Апта басында Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амантайұлы #10 Шу колледжіне барып, осында оқитын қыздар қауымымен кездесті. Сонымен қатар аталған шараға дін проблемаларын зерттеу орталығының Шу ауданы бойынша жетекшісі Мая Қамбар қатысты.
Бір жарым сағатқа созылған сұхбатта тақырып талқыланып, бас имамға орамал тағу, дұрыс діни әдебиеттер мен сайттар, намазға қатысты сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі