Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы шам намазына келген мешіт жастарына арнап, «Ихсан ілімі – рухани тәрбие негізі» кітабынан жастарға дәріс өткізді.
Ауданның бас имамы жастарға ихсан ілімінің негізін одан әрі жіті түсіндірді. Бұл дәрістің басты мақсаты жастардың бойындағы «ихсан» түсінігін мейлінше кең көлемде қалыптастыру болатын.
Ихсан – пенденің иманын бекемдеп, құлшылыққа деген құлшынысын арттыратын, адамгершілікке тән игі қасиеттерді кемелдендіре түсетін рухани ілім. Дәріс соңында жастар аудан имамынан ихсан іліміне қатысты сұрақтарына жауап алды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі