Жамбыл ауданы орталық спорт кешенінде аудандық «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағатына арналған футбол ойыны өтті. Мешіт жамағаты ойын ережесіне сай, екі топқа бөлініп, ойнады.
Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, шыдамды, шымыр болады. Біздің ата- бабаларымыз «тәні саудың – жаны сау» немесе «бірінші байлық-денсаулық»,- деп бекер айтпаған. Бірақ, осы нақыл сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін сезінбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Мейлінше, спортпен жиі айналысып тұруды әдетке айналдырғанымыз жөн.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі