#Жамбыл: «Көңілді кездесу» бейресми айлық дастарханы өтті

#Жамбыл: «Көңілді кездесу» бейресми айлық дастарханы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінің ұстазы және «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Бекназарова Жайнаның ұйымдастыруымен мешіттің «Әжелер алқасы» арнайы мешітте дәріс алып жүрген шәкірттерге арнап «Көңілді кездесу» атты бейресми  айлық дастарханы жайылып, «Ырыс – береке бастауы» тақырыбында кеңінен уағыз-насихат жұмыстары жүргізілді.

Келелі кездесудің соңында «әжелер алқасының» мүшелеріне құрмет көрсетіліп, сыйлықтар үлестірілді. Өз туған-туыстарымызға қырғи-қабақ көрсетіп, араласпай жүретін болсақ, өзге кісілермен тым жақын араласып, тату болғанымыздан пайда жоқ.

Балапан ұясында мейірімділікпен, қамқорлықпен сусындап өссе, одан қатігез, қайырымсыз кісі шығуы мүмкін емес. «Дастарқан дарқанды болса, үй іші де шырайлы, бала-шаға да шат-шадыман» деген Бердібек Соқпақбаев.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: