Жамбыл ауданы Бесағаш ауылы «Бесағаш» мешітінде Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Ғалымбек Жапек бесін намазына мешітке келген жамағатқа намаз турасында насихат айтып, жамағатты мешіттің ішкі – сыртқы тәртіптерімен жіті таныстырып шықты.
Аталған кездесуде ауыл мешітінің жамағаты өз көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап алды. Мешіт имамы Керимов Айтжан облыстан келген ұстазға өз алғысын білдірді.
Намаз - діннің діңгегі, пенде мен Раббысы арасындағы байланыс көпірі. Сондықтан ол – құлшылықтардың ең биігі әрі ең мәртебелісі. Намаз арқылы мүмін өзін жоқтан бар еткен Раббысына миғраж жасайды.
Намаз арқылы күнәсі төгіледі. Алла Тағала мұсылмандарға барлық жағдайда - үйінде және сапарда, дені сау және ауырған кездерінде намазға ұқыпты болуды бұйырды.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі