#Жамбыл: Айлардың ерекшесі – Ережеп

#Жамбыл: Айлардың ерекшесі – Ережеп

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Қаламаңы ауылы «Хаджи Тамаль Мадина» мешітінде ауыл имамы Ансар Абилов мешітке келген жамағатқа «Айлардың ерекшесі – Ережеп» атты тақырыпта кеңінен уағыз айтты.

Ислам күнтізбесінде қасиетті болған төрт ай бар. Оның үшеуі - бірінен соң бірі келетін Зулқағда, Зулхижжа, Мухаррам. Ал төртіншісі - бұлардан жеке келген Ережеп айы.

Ережеп айы сондай-ақ, қасиетті саналған үш айдың басы болып табылады. Олар: Ережеп, Шағбан, Рамазан айлары. Ережеп – бейне бір дән егу айы, шағбан - суару айы, ал Рамазан егістікті ору айы іспетті. Бұл қасиетті айлар ішінде жасырылған ерекше түндерімен де қадірлі.

Алланың құлдарына берген нығметтерін санап тауыса алмаймыз. Оған ғұмырымыз да жетпейді. Сондай нығметтердің, яғни, құлшылықта сауабы мол түндер мен күндердің сауабымен амалдарымыз еселеніп, зор бақытқа жетеміз. Аталмыш айлардың ішінде  «Миғраж», «Бәраат», «Қадір» секілді қасиетке толы түндер келеді. Мешіт имамы жамағат қойған сұрақтарға жауап берді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: