Жамбыл ауданы Шоқай ауылы әкімшілігінде «Уали Қалпе» мешітінің имамы Сапарбеков Ержан ауыл тұрғындарына «Білімдіге дүние жарық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін ғана айтқан данышпан халқымыз «Білімдіге дүние жарық» деп бекер айтпаса керек. Білектің күші бірді жыққанымен, білімнің нұры көпке жетерін көреген бабаларымыз баяғыдан-ақ білген. Білгендігі соншалық – бір кездері бұл топырақтан білімнің кәусар бұлағы бастау алып, Әл-Фараби сынды бабаларымыз барша әлемге ілім нұрын таратқан.
Қарап тұрсақ, халқымыздың ертеңіне алаңдаған ерекше тұлғалардың барлығы да адамзат баласын білімге үндеп, дүние игілігін білімнің күшімен игеруге шақырып келген. Және осы жолда қиындық көрген, ұстаздық еткен, білімге шақырған, жаңалық ашқан, ғұмырын арнаған.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі