#Жамбыл: Таһажуд намазының артықшылығы

#Жамбыл: Таһажуд намазының артықшылығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Бірлесу-еңбек мешітінің имамы Жолдасбаев Сакен мешітке келген жамағатқа «Таһажуд намазының артықшылығы» тақырыбында кеңінен уағыз айтты.

«Таһажуд» сөзі араб тілінде – «ұйықтау», «ояну», «ұйқыдан күшпен ояну» деген бір-біріне қарама-қарсы мағыналарды білдіреді. Ал шариғаттағы орнына келер болсақ, «таһажуд» деп түнгі мезгілінде ұйқыдан оянып, Алланың разылығы үшін нәпіл намаз оқуды айтады. Түн ұйқысын бөліп, тұрып намаз оқу пенде баласына физикалық тұрғыдан оңай соқпасы белгілі. Осы себептен де таһажуд намазы – нәпсіге ең ауыр келетін құлшылық.

Алла Тағала Құранда: «Нәпсі жамандыққа бұйырады» («Юсуф» сүресі, 53-аят) деп ескертеді. Мешіт имамы жамағат қойған сұрақтарға жауап берді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: