Жамбыл ауданы Ақбұлым ауылы «Нұртай ата» мешітінің имамы Естеков Сабиттің бастамасымен «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген ұранмен мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетілді.
Ауылдық дүкеннің демеушілігімен іске асып отырған қайырымдылық себеттері жомарт жандардың арқасында мұқтаж отбасыларға жеткізілді.
Қайырымдылық көмек әлеуметтік тұрмыс - жағдайы төмен төрт отбасыларға таратылды. Азық-түлік ретінде көрсетілген көмекті алған отбасылар ауыл мешітінің жамағаты мен имамына өз алғыстарын жаудырды. Қазақта «жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген қанатты сөз бар, бұл сөздің астарында қаншама күш пен қайрат жатқандығын кім де болса түсіне біледі деп ойлаймыз.
Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі