#Меркі ауданы: Марқұмдарға Құран бағышталды

#Меркі ауданы: Марқұмдарға Құран бағышталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының бастамасымен әр аптаның «Бейсенбі» күні Құран бағыштау ісі қолға алынған болатын.

Бас имам Азамат Берікұлы бастаған мешіт қызметкерлері мен жамағат Құран бағыштау дұғасына қатысып, Отан қорғау жолында опат болған, аянбай осы ел үшін қызмет қылған және діннің дамуына қызмет еткен барша ата-бабаларымыз бен апа-әжелеріміздің рухына Құран бағыштады.

Сауапты шарадан соң бас имам мешітке жиналған жамағатқа: «Біз жұмыс жоспарын бекітіп, аптаның әр «Бейсенбісі» Құран бағыштау жобасын қолға алған болатынбыз. Мақсатымыз – әр аптаның бейсенбісі Құранды оқып, еліміздің ертеңі үшін құрбан болған, дүниеден өткен бабаларымыздың рухына бағыштау. Алла қабыл етсін! Осы дүниеден Аллаға серік қоспай мұсылман күйде жан тапсырғандарды Алла мейіріміне алғай. Жаратушы Иеміз осы жақсылықтарымызды қабыл етуін тілейміз. Біз, дін қызметкерлері де әрдайым дұға жасаудамыз», – деп атап өтті.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: