Бүгін Меркі ауданы, Сыпатай ауылдық «сыпатай ата» мешітінің имамы Дулат Талғатұлы «Жақсылықта жарысу» тақырыбында жамағатқа уағыз айтты.
Өз сөзінде: «Құрметті жамағат! Ислам діні адамға жақсылық жасауға үндейді. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қоғамға пайдалы болуды өсиет еткен. Біз, әрқайсымыз жақсылық жасауды өз отбасымыздан, ағайын-туыстан, айналамыздағы адамдардан бастауымыз керек. Сонда ғана қоғамда ізгілік салтанат құрады», - деп жамағатты жақсылық жасауға шақырды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі