##Т.Рысқұлов бас имамы Көгершін ауылында жұма намаз өткізді

##Т.Рысқұлов бас имамы Көгершін ауылында жұма намаз өткізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданының бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы Көгершін ауылдық «Көгершін» мешітінде жұма намазын өткізді. Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің тапсырмасы бойынша аудан бас имамдары ауыл мешіттерін аралап жұма намаздарын өткізуде. Бас имам «Көгершін» мешітінің жамағатына «Амалдар ниетпен өлшенеді» атты тақырыпта уағыз-насихат айтылды.

Уағыз барысында Қандай да бір істің орындалуында ниеттің орны ерекше. Адамның өз қалауымен жасаған жақсы - жаман әрбір ісі түпкі ниетіне байланысты. Ниет - адам әрекетінің нақтылы мақсатын білдіреді. Ниетсіз, себепсіз алға мақсат қойылмайды. Ал ниеттің орныққан жері жүрек. 

«Шын мәнінде Алла сендердің келбеттеріңе, байлықтарыңа қарамайды, Алла сендердің жүректеріңе, амалдарыңа қарайды»[1] дейді. Яғни, бұл хадистегі жүрек деген сөздің астарында ниет жатқаны меңзелуде.                   

Сахаба Әбу Хурайра: «Жүрек - патша. Ағзалар оның әскері. Егер патша жақсы болса, әскері де жақсы болады. Ал егер патша нашар болса, әскері де нашар болады» деп, барлық мәселенің дұрыс бағытта болуы тікелей ниетке байланысты екенін ескерткен. Дана халқымыз да: «Жақсы ниет - жарым ырыс», «Адал ниет аздырмайды, арамдық бойды жаздырмайды», «Адамның құлқы түзелмей, құлпы түзелмейді», «Пейілі жаман пәлеге жолығады, бітпейтін жалаға жолығады» деп ниетке байланысты мақал-мәтелдер де айтты.

 Қуаныш Түзелбеков

Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: