Аудан имамы Р.Еспенбетов Мойынқұм ауданында орналасқан орталық спорт кешенінің жаттықтырушыларымен «Дін және спорт» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.
Адамның денсаулығы аса маңызды екендігі белгілі, дені саудың жаны сау деп те жатамыз. Шариғатымызда да күшті мұсылман әлсіз мұсылманнан артығырақ деп жатады.
Р.Еспенбетов спорт бапкерлеріне: "Баланы физикалық тұрғыда баптап күш, жігерлі етіп тәрбиелеп жатырсыздар, физикалық күш пен қоса балаға рухани да тәлім тәрбие және дұрыс бағыт бағдар берілуі қажет, сондағана ол бала елдің қажетіне жарар бір тұлға болып шығатыны белгілі. Батыры бар жерді жау алмайды, Ғалымы бар елді дау алмайды" - деді.
Мойынқұм аудандық мешітінің баспасөз қызметі