#Меркі ауданы: Мешіт жамағаты бас имамды дастарханға шақырды

#Меркі ауданы: Мешіт жамағаты бас имамды дастарханға шақырды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Гранитогорск ауылы «Ас-Сами» мешітінің жамағаты аудандық «Меркі ата» мешітінің жаңа тағайындалған бас имамы Азамат Берікұлын   дастарханға шақырды.

Құптан намазынан кейінгі дастарханға жиналған жамағат бас имам  Азамат Берікұлының «Дінде берік болу» тақырыбындағы әсерлі де тартымды уағызын тыңдап рухани нәр алды. Мүміндердің Құрандағы сипаттарын баяндаған бас имам сахабалардың өнегелі өмірінен сыр шертті.

Жиын соңында жамағат сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптарын алды. Сөз соңында, мешіт жамағатын жергілікті имаммен бірге осы мешіттің көркеюіне, діннің қызметіне бірге жұмыс жасауға шақырды. «Ас-Сами» жамағатын ауызбіршілікке шақырған имам бірлік пен бейбітшілікті басты назарға алды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: