20 отбасыға қайырымдылық көмегі берілді

20 отбасыға қайырымдылық көмегі берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қайырымдылық жүректерді жібітетін, мейірімділікті арттыратын ұлық амал. Осы игілікті басты бағытының бірі етіп жүрген мешітімізде кезекті қайырымдылық іс-шарасы өтіп, 20 отбасыны қуантты. 

Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде көпбалалы жанұяларға азық-түлік себеттері мен ет тарқатылды. Көмек алуға келгендердің ішінде жәрдемді ақшалай алғандар да болды. 

Аталған көмекті осы мешіттің наиб имамы, "Зекет және қайырымдылық" бағытына жауапты маман Ержан Аманбаев үлестірді. 

Айта кетейік, 1 отбасы үшін жасақталған азық бағасы 15 мың теңгені құрайды. Қайырымдылыққа жалпы 300 000 теңге қаражат жұмсалды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: