Облыстық мешітте бесін және ақшам уақыттарында дәріс жүргізілуде

Облыстық мешітте бесін және ақшам уақыттарында дәріс жүргізілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінде бесін намазынан соң, сонымен қатар ақшам намазынан соң дәріс өткізіліп жатыр. 

Діни сауаттылықты арттыру мақсатында ақида, фиқһ, ислам тарихы, ахлақ сынды өзге де пәндер бойынша мешітіміздің білікті мамандары насихат айтуда. 

Кеше дәрісті аталған мешіттің наиб имамы Нұралы Бақытұлы жүргізді. "Абу Ханифа өсиеттері" тақырыбында өткен дәріске қатысушылардың қарасы қалың болды. Жамағат өз сауалдарын қойып, дәлелді жауаптарын ала алды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: