#Жамбыл: Адамзаттың асыл тәжі

#Жамбыл: Адамзаттың асыл тәжі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Бірлесу-еңбек ауылы «Бірлесу-еңбек» мешітінің имамы Джолдасбаев Сакен бесін намазына келген мешіт жамағатына адамзаттың асыл тәжі: Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) өмірі жайында кеңінен уағыз айтты.

Жамағаттың сұрақтарына жауап бергеннен соң, ауыл имамы Пайғамбардың өмірінен сыр шертетін керемет оқиғаларды айтып берді. Адамзаттың асыл тәжі - Аллаһ Тағаланың сүйікті құлы әрі елшісі Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) екендігі даусыз. Аллаһ оны күллі әлемге рақым етіп жіберген. Ол тұп-тұнық Хақ рақымын паш етті. Ол бейне бір сахарадағы мөп-мөлдір бұлақ, кәусар хауыз секілді. Ыдысын қолына ұстаған әркім сол хауызға барып, әрі қанып ішіп, әрі ыдысын қалағанша толтыруда. Иә, көңілі құлаған әрбір пенде одан мейірі қанғанша сусындай алады.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: