Меркі ауданы: Жамағат арнайы ризашылықтарын білдірді

Меркі ауданы: Жамағат арнайы ризашылықтарын білдірді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданындағы «Қарабала Төре» мешітінің имамы Азамат Берікұлының жаңа қызметке ауысуына орай, мешіт жамағаты бүгін арнайы ризашылықтарын білдіріп, ақ тілек-баталарымен шығарып салды.

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Азамат Берікұлы «Қарабала Төре» мешітінің имамы қызметінен босатылып, Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы қызметіне ауысқан болатын.

«Қарабала Төре» мешітінің жамағаты арнайы дастархан жайып Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлын дастарханға шақырды. Жамағат өз алғыстарын жеткізіп, қазақы дәстүр бойынша ат мінгізді. Ақ батасын арнай келген мешіттің ақсақалдар қауымы жаңа қызметке ауысқан Азамат имамға жамағаттың алғыс лебізін жеткізіп, атқарған жұмыстарына дән ризашылықтарын білдірді. Сонымен бірге, жаңадан бас имамдық қызметке тағайындалған Батырбек Жақсымбетұлына да сәттілік тілеп, батасын берді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: