#Жамбыл: Сабырлық - асыл қасиет

#Жамбыл: Сабырлық - асыл қасиет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Шоқай ауылы «Уали Қалпе» мешітінің имамы Сапарбеков Ержан бесін намазына келген жамағатқа «сабырлық» жөнінде уағыз-насихат жүргізді.

Мешітке келген жамағаттың сұрақтарына жауап берді.  Сабыр дегеніміз ойламаған жерден әлдеқандай бір қиындыққа тап болғанда, ұнжырғаң түсіп, торыққан сәтіңде өз-өзіңді жігерлендіріп, өмірдің өзі Алланың сынағы екендігін ойыңа алып, Тағдырдың салған тауқыметіне мойымауға тырысып, керісінше Жаратушының көрсеткен әрбір сынына ризашылық танытып, шайтанның салған сан түрлі уайым-қайғысына берілместен, түк болмағандай қасқая қарсы тұру.

Сабыр сақтай білудің өзі Алланың жазған тағдырына шынайы иман келтіруден, оған ризашылықпен мойын ұсынудан, яғни шүкірлік етуден келіп шығады.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: