#Жамбыл: Мұсылман – мұсылманның бауыры

#Жамбыл: Мұсылман – мұсылманның бауыры

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылы Мәдениет үйінде «Айша-бибі» мешітінің имамы Таджибаев Қатарбай ауыл тұрғындарына «Мұсылман – мұсылманның бауыры» деген тақырыпта насихат жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі қоғамдағы зиянды дерттің бірі – қасыңдағы бауырыңа зияныңды тигізу. Сыртынан күндеп, ғайбаттау. Біздің дініміз мұсылманның мұсылман алдындағы міндеттерін айқындап қойған. Соның бірі – мейірім таныту. Ал бір-бірімен Алла разылығы үшін бауырға айналған тақуа мүмін жандар қияметте сол имани байланысының пайдасын көреді. Бұдан шығар қорытынды – дін бауырымызға деген жанашырлық. Қазіргі уақытта әлеуметтік желі арқылы тіпті танымайтын адамды ғайбаттап жатамыз. Жоғары қызметте жүрген кісінің сыртынан сын айтуға құмармыз. Бірақ Ислам діні мұны құптамайды. 

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: