#Жамбыл: Әлеуметтік желінің пайдасы мен зардабы сөз болды

#Жамбыл: Әлеуметтік желінің пайдасы мен зардабы сөз болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Бектөбе ауылы «Бектөбе» мешітінің имамы Тантаров Ғани шам намазына келген жастарға әлеуметтік желінің пайдасы мен зардабы, оның ішінде діни радикализм идеяларын тартудағы рөлі жайында кеңінен уағыз-насихат айтты.

"Қазіргі әлемдегі проблемалар бұрынғы кезеңдердегі мәселелерден ауқымдырақ, әрі күрделірек болып табылады. Олай болатын себебі, қазіргі заманда әлемдік деңгейде жаһандану үрдісі бар қарқынымен жүріп жатыр. Кейбір елдер дараланып өмір сүру формасын ұстанғанымен әлемдік үрдістерден ешкім де шет қалмақ емес. Осы орайда жаһанданған әлемдегі діни үрдістер де бұрынғыдан өзгерек екендігін естен шығармайық" - дейді имам.

Уағыз соңында мешіт имамы жастар қойған сұрақтарға жауап беріп, тек ресми тіркелген діни парақшаларға ғана құлақ асу керектігін жеткізді.

 Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: