Асыл дініміз адамзатты ізгілікке шақырып, мейірбанды болуға баулиды. Бұл бағытта бізге мәңгі өнеге көрсеткен Алла елшісі (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) екені хақ. Бүгінгі таңда жердегі Алла үйі саналатын мешіттер сауапты іске ерекше ынта қойып келеді. Бұл баршамызға үлгі болмақ.
Жуырда Шу ауданы "Әбу Бәкір ас-Сыдық" мешітінің имамы Бақыт Нұрлыханов қаланың бір тұрғынына азық түлік түрінде көмек көрсетіп, жиналған 16 мың теңгені тиімді жумсады.
Сол сияқты Шу ауданы "Жиенбет Жексенбай" мешітінің имамы Шүкірәлі Бердібековтың ұйытқы болуымен бір үлкен қой сойылып оның еті 7 отбасыға таратылды.
Мұндай жүмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.
Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі