#Жамбыл: Дін және дәстүр құндылығы

#Жамбыл: Дін және дәстүр құндылығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы шам намазына келген мешіт жамағатына «Дін және дәстүр құндылығы» тақырыбында уағыз айтты.

Әр халықтың өзіне тән, қоғамның дамуына байланысты ерекшеліктері болады. Мәселен, еліміздің ұлан-байтақ жерді алып жатуының өзі ғасырлар бойы халқымыздың бойындағы, батырлық пен ерлік дәстүрін тудырған.

Қазақ – ұлттық дәстүрге ерекше мән беретін халық. Дін мен дәстүр – біздің ұлттық болмысымыз Ертеде салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарған, сондықтан оның ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік және халықтық мәні зор болған. Халықтың салт-дәстүріне, ұлттық ерекшеліктеріне қазір де үлкен мән берілуде. Аудан имамы уағыз соңында жамағат қойған сұрақтарға жауап берді.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: