Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің имамы Сабырханов Үмбет Максим Горький атындағы орта мектепке барып жоғарғы сынып оқушыларымен кездесті. Мектеп оқушыларына «Ислам – бірлік діні» атты тақырыбында лекция айтты.
Имам өз сөзінде: "Ислам тек бейбітшілікке шақырады. Қасиетті Құранда дін ұстанудың еріктілігі жайында көптеген аяттар бар. Мәселен: «Бұл ақиқат Раббыларыңнан» де. Сонда кім қаласа, сенсін…», – дейді. Сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) мүміндерге көршілермен жақсы қарым-қатынас жасаудың, адамдарға мейірімділік танытудың, туысқандық қатынасты үзбеудің маңыздылығын ескертеді. «Шын мәнінде Алла барлық істе жұмсақтықты (ізгілікті) жақсы көреді». Алла Елшісі мұсылман еместерге, өзінің өміріне бірнеше рет қауіп төндіргеніне қарамастан, әрдайым кеңпейілділік танытты. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Бір-біріңе көре алмаушылық пиғылда болмаңдар, бағаларды көтермеңдер, бір-біріңді жек көрмеңдер, бір-біріңе арқаларыңды қаратпаңдар, бірің-біріңнің саудасының үстінен сауда жасамасын, бір-біріңе бауыр болыңдар. Мұсылман өз бауырымен үш күннен артық араз болмасын»", – деп айтқандығын ашықтап түсіндірді.
Қуаныш Тузелбеков
Рықұлов аудандық мешіт баспасөзі