#Қордай ауданының бас имамы жамағатқа уағыз айтты

#Қордай ауданының бас имамы жамағатқа уағыз айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай орталық мешітінде "Бірлік түбі - береке" атты уағыз тыңдалды. Жамағатты иманға ұйытып, көркем үгіт, келілі сөз айтылған насихатты Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы жүргізді.

"Құранда бейбітшілік мағынасын білдіретін «сәлам» сөзі көптеген аятта айтылуда. Өйткені Құран ынтымақ пен бейбітшілікті баса назарда насихаттайды. Мешіт жамағаты да қоғамның ажырамас бөлігі екендігін ескеретін болсақ, мешіт жамағаты арасында түрлі жанжал мен араздық тудыру, имамның айтқанын тыңдамай қарсы келу аяттың шеңберіне кіретіндігін ұмытпағанымыз жөн. Себебі, аят қоғам ішіндегі өзге дін иелеріне емес, мұсылмаға бүлік шығармауды бұйырып тұр.  Ислам шариғаты қоғамның тыныштығын бұзған бүлікшінің жазасы ретінде қол аяғын айыр етіп кесуді және өлсе жаназасын шығармауды бұйырған" - деді аудан бас имамы өз сөзінде. 

 Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: