#Шу: Көмек көптік етпейді

#Шу: Көмек көптік етпейді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Берушінің берекесін артатының білген қауым қайырымдылық шараларынан шет қалмай, ұдайы қол ұшын беріп отырады. Жақсыны көрмекке деген. Қайырымдылықтан шаршамайтындарды бізде жариялаудан талмаймыз. Өйткені жария садақа өзгелерді осы іске қызықтырады. Әрі алуан тағдыр иелері айналамызда аз еместігін аңғартады.

Жуырда Шу ауданы «Төле би» мешітінде көлемді көмек берілді. Атап айтатын болсақ,барлығы  80 мың теңге жұмсалған қаржыға аз қамтылған 10 отбасы азық-түлікті болды.  Аталған шара аудан орталығының мешітінің ауласында өтіп, көмек алғандар ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырды.

Сол сияқты Шу қаласындағы «Айтқұл баба» мешіті де әлеуметтік осал топтағы 4 отбасыға азық-түлік себеттері мен балаларға киім таратты.

Мұндай игі шаралар алдағы уақытта жалғасын табады деп сендіреміз. Алла жақсылық жасаушылардан етсін.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: