#Қордай: Қыз-келіншектер қасиетті 3 айға рухани дайындықты бастады

#Қордай: Қыз-келіншектер қасиетті 3 айға рухани дайындықты бастады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Қордай облысындағы Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен, Әжелер алқасының қатысуымен "Қасиетті 3 айға сапар" атты іс-шара өтті. 

Шарада ақ жаулықты әжелер сөз сөйлеп, мешіт ұстазы Эльмира Есімқараева насихат жүргізді. Жиналған қыз-келіншектерге шәкірттер Құран оқып, келе жатқан Ережеп, Шағбан, Рамазан айлары туралы ақпараттарды ерекше жеткізді. 

Шәкірттер арасында білім сайысы жасалып, виктариналық сұрақ-жауап, кроссворд шешу сынды дидактикалық ойындар ойнатылды.

Аталған ойын арқылы мешіт ұстазы шәкірттердің қасиетті 3 ай жайлы білімін шыңдады. 

Қасиетті айларда жасалатын амалдар, оған рухани дайындық сөз болып, пайдалы білім берілді.

 Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: