#Қордай: Әжелер алқасы қыз-келіншектерге насихатын айтты

#Қордай: Әжелер алқасы қыз-келіншектерге насихатын айтты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ – басынан қандай нәубет өтсе де, заман болса да ұрпағына ұлағатты тәрбие бере алған халық. Ұлтжанды ұл, қылықты қыз тәрбиелеген. Ауылдың бір баласы тәрбиесіздік танытса, туған-туыс, бір рулы ел болып, қала берді бүкіл ауыл болып атсалысқан. Әсіресе, көпті көрген қарт ата мен әженің тәрбиесі үлкен рөл атқарған.

Осы ақ жаулықты әжелердің дәстүрін жалғап жүрген "Әжелер алқасының" Қордай орталық мешітінде кезекті жиыны өтті. Шараға ауданның әйелдер жамағаты, мешіт ұстаздары қатысты. 

Әжелер жастарға тәлім-тәрбие, отбасы, қоғамдағы ауызбіршілік, ынтымақ жайында дөңгелек үстел жасап, ұлағатты сөздерін, көреген әңгімелерін, пайымды тұрыжымдарын айтты. Әйел адамның бұл қоғамдағы, бала тәрбиесіндегі орнын тілге тиек ете отырып, даналыққа шақырды.

 Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: