#Меркі ауданы: «Құран - мәңгі мұғжиза» атты жарыс өтті

#Меркі ауданы: «Құран - мәңгі мұғжиза» атты жарыс өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 ҚМДБ-ның Меркі ауданы бойынша өкілдігі, орталық «Меркі ата» мешітінің ұйымдастыруымен Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінде қасиетті Құран Кәрімді мәнерлеп оқудан «Құран – мәңгі мұғжиза» атты аудандық жарыс болып өтті.    

Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлы: «Құран – Алланың кәләмі, адамзатқа берілген ешбір қатесіз өмір сүру құралы. Құранның бір ғана әрпіне он есе сауап жазылып, оқыған пендеге қияметте шапағатшы болады», - дей келе  қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аудандағы имандылық үйлерінен жиналған қатысушылар әртүрлі деңгейде қасиетті Құранды мәнерлеп оқып, сынға түскен сайыста жеңімпаздарды анықтау оңай болмады. Барлық талаптар мен ережелердің сақталуын ескере отырып, арнайы құрылған әділқазылар алқасының шешімімен:

І орын иегері: Аманбек Бағым

ІІ орын иегері: Жақсыбай Гауһар

ІІІ орын иегерлері: Базарбай Ұлдана мен Серікхан Тахмина

Жүлделі орындарға ие болып, ақшалай сыйақымен (І орын – 30 000 тг, ІІ орын – 20000 тг, ІІІ орындар – 10000 тг) марапатталды.

Сондай-ақ, барлық қатысушыларға Алғыс хат пен ынталандыру сыйлығы табысталды. Бас имам жарысқа келушілер мен аудан халқына өз батасын берді.

 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: