Меркі ауданы: Ауданға жаңа бас имам тағайындалды

Меркі ауданы: Ауданға жаңа бас имам тағайындалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Меркі ауданындағы орталық «Меркі ата» мешітіне жаңа бас имам тағайындалды. ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамы Бейбіт Әліпбекұлы Мырзагелдиев қасиетті жұма намазына жиылған жамағатпен жүздесіп, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен таныстырып өтті.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің басшылық қызметіне «Қарабала Төре» мешітінің имамы Абдразахов Азамат Берікұлы тағайындалды.

Жаңа қызметкердің қарым-қабілеті мен білім-біліктілігі жайлы өкіл имам Бейбіт Әліпбекұлы жамағатқа қысқаша жеткізе келе, жаңа жұмыстарына сәттілік тіледі. Бас имамға алдағы жылға тапсырмалар берді.

Абдразахов Азамат Берікұлы

1987 жылы  02-қарашада Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Қызылсай ауылында дүниеге келген.

2005-2007 жылдары Алматы қаласындағы «Нұр Мүбарак» университетінде білім алған.

ЕҢБЕК ЖОЛЫ:

2008-2013 жылдары Меркі ауданы, Жауғаш батыр ауылдық мешітінің имамы;

2013 жылдың мамыр айынан бастап Меркі ауылы «Қарабала Төре» мешітінің имамы қызметін абыроймен атқарып келген.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: