#Жамбыл: Бар күшіміз - бірлікте

#Жамбыл: Бар күшіміз - бірлікте

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Айша-бибі ауылында «Айша-бибі» мешітінің имамы Қатарбай Таджибаев ауылдық әскери бөлімшеге барып, ел басына күн туған заматта атқарған қызметтері үшін әскерилерге алғысын білдіріп, оларға «бар күшіміз – бірлікте» екендігін айтты. Әрине, ел болып еңсе тіктегеннен бастап, ең алдымен есте болатын нәрсе ол – бірлік.

Бірлік қашанда елді кемел келешекке жетелейді. Қазақ халқы үшінде бұл ұғымның мағынасы мен мәні бөлекше биік екендігін білгеніміз жөн. Әрдайым бірлікте болу - кез келген ұлт үшін үлкен маңызға ие. Қазақта бірлік елдіктің, ұлт болып ұйысып отырудың басты кепілі саналған. Сондықтан ел тізгінін қолына ұстаған адамдар — ақсақалдар, билер, хандар ел ішіндегі асқынған дау, ушыққан жанжалды тыйып, шешім қабылдағанда ел бірлігіне сына түспеу жағына баса көңіл бөлген.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: