#Жамбыл: Ырыс алды – ынтымақ

#Жамбыл: Ырыс алды – ынтымақ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы Бектөбе ауылы «Бектөбе» мешітінің имамы Танатаров Ғани ақшам намазына келген жастарға «Ырыс алды – ынтымақ» деген тақырыпта кеңінен уағыз айтты.

«Ырыс алды – ынтымақ» деген қағиданы басты назарда ұстаған қазақ халқы ел арасындағы ынтымақ-бірлікті, татулықты ерекше бағалаған. «Ынтымақты ел озады, ынтымақсыз ел тозады» деп, әлеумет арасында бірліктің сақталуына басымдық берген. Ынтымақ, бірлік, келісім – ел үшін ең асыл байлық.

Ынтымақтың – ең асыл бірлік екендігін бағзы заманнан білген қазақ халқы қашанда бұл ұғым аясында әрекет еткен. Мешіт имамы уағыз соңында жастардың сұрақтарына жауап беріп, ынтымақтың ел үшін терең мағынасы бар екендігін айтты.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: