Меркі ауданы: Адамзаттың түрлі ұлт пен ұлыс болып жаратылу хикметтері

Меркі ауданы: Адамзаттың түрлі ұлт пен ұлыс болып жаратылу хикметтері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы АТТ мүшесі Дулат Әбдіманаптың ұйымдастыруымен «Адамзаттың түрлі ұлт пен ұлыс болып жаратылу хикметтері» тақырыбында Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері арасында кездесу өткізілді.

Кездесуде барысында, Алла Тағала: «Уа, адамдар! Шүбәсіз, сендерді бір ер мен бір әйелден жараттық. Сондай-ақ сендерді бір-біріңмен танысып,  табысуларың үшін сан-алуан ұлыстар мен руларға бөлдік. Біле білсеңдер,  Алланың алдындағы ең ардақтыларың  – ең тақуаларың», – деп айтқан. Қазақстан Республикасын мекен еткен 130 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату-тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді» - деп, Дулат Әбдіманап сөзін аяқтады.

Кездесу соңында жиынға жиналған қызметкерлер өз сұрақтарын қойып тұшымды жауаптарын алды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: