#Жамбыл: Бүлік – берекені қашырады

#Жамбыл: Бүлік – берекені қашырады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл ауданы орталық «Бәйдібек» мешітінде ауданның бас имамы Ғайырфулла Қуанышбекұлы ақшам намазына келген мешіт жамағатына «Бүлік – берекені қашырады» деген тақырыпта кеңінен уағыз айтты.

Дін Исламда бүлік – адам өлтіруден де ауыр күнә. Келген жамағаттың сұрақтарына жауап берген аудан имамы, бірлік пен бүлік жайында Ислам тарихында болған оқиғаларды әңгімелеп берді. Сондай-ақ, бүлік шығарудың қандай ауыр күнә екендігін айтты. Бұған мына аят дәлел: «Бүлік шығару – адам өлтіруден де үлкен» (Бақара: 217).

Өйткені, бүлік салдарынан қанша адамдар қырылып кетуі мүмкін. Бүлік – ұйып отырған елдің тыныштығын бұзып, берекесін қашырады. Ал бейбіт елде,  лаң тудырып, тыныштықты кетіру шынайы мұсылманның ісі емес екені айқын. Елдің санасына үрей салу, мұсылмандықты қорқыныш етіп көрсету де мұсылманның ісі емес.

Жамбыл аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: