#Шу: Қайырымдылық - қарапайымдылық

#Шу: Қайырымдылық - қарапайымдылық

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жер бетіндегі жұмыр басты пенде болғасын біріміз бай, біріміз орта, біріміз кедейміз. Бұл дүние баршамызға сынақ үшін берілген. Сондықтан қарлығаштың қанатымен су сепкендей қайырымдылық жасасақ, қияметте шарапатын көреміз. Әрі Алла разылығына бөленуге бір қадам жасаймыз.

Жуырда Шу ауданы "Айтқұл баба" мешітінің мұрындық болуымен 20 мың теңгеге 3 отбасыға азық-түлік себеті үлестірілген болатын. Бұл үрдіс тұрақты түрде жасалуда.

Сол сияқты аудандық "Жәми" мешіті де мейірімді істен шет қалмады. Аталған ауданның бас мешіті де 3 отбасыға қажетті деген азық-түлік себетін беріп, алғысқа ие болды.

Жасалған жақсылықтарға Жаратушы иеміз разы болғай!

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: