#Шу: Мектепте маңызды жиын өтті

#Шу: Мектепте маңызды жиын өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Атақты Абылай ханның ақылшысы болған Бұқар жыраудың «Он тілек» атты толғауында «Тоғызыңшы тілек тілеңіз, төреңіз тақтан таймасқа,тоқсандағы қарт бабаң, топқа жаяу бармасқа.»-деген өлең жолдары бар. Осы сөздің мағынасына үңілсек бүлік шығару, басшыға қарсы көтерілу халқымыздың діліне жат екенін ұғынамыз. Ал асыл дінімізде бүлік шығару, қан төгу ауыр күнәләрдан болып есептеледі.

Жуырда Шу қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы орта мектепте ата-аналар жиыны өтіп, оған «Тоғай» мешітінің имамы Мағжан Мұратұлы қатысты.

Жиында аталған имам ата-аналарға бүлік шығару үлкен күнә екенін айтып, шариғи дәлелдерді келтірді. Аудиториядан туындаған сұрақтарға жауап беріп, тыныштық үлкен нығмет екенін тілге тиек етті.

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев бір сөзінде тұрақтылықты сақтауға қосқан үлестері үшін имамдарға алғыс білдірген болатын. Бұл сөз мешіт имамдарына мәртебе әрі зор жауапкершілік болмақ. Еліміздің іші аман, сырты бүтін болғай.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: