#Шу: Қайырымның қадамы алыс, алары алғыс

#Шу: Қайырымның қадамы алыс, алары алғыс

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұл фәниде мейірім, махаббат, қайырым секілді әрі сауап, әрі ләззәт сыйлайтын қасиет бар. Тек соны өз бойымызға дарытып, барымызбен бөлісуіміз керек. Айналасына қарасып жүрген адам, Алланың разылығына бөленетіні сөзсіз.

Жуырда Шу ауданы «Айтқұл баба» мешіті бір топ балаға жаңа аяқ киім алып берсе, енді  үш оқушыға спорттық киімдер берілді. Балалар риясыз қуанып, сыйлықтарға разы болды. Рахметін айтып, үйлеріне  тарасты.

Сондай-ақ Шу ауданы Белбасар ауылындағы «Хати Сауранбайұлы»  мешітінің имамы Бақытжан Тілемісов демеушілер жәрдемімен жиналған 50 мың теңгеге  азық-түлік алып, оны аз қамтылған 6 отбасыға таратты. 

Белбасар ауылының аталған тұрғындары алғыстарын білдіріп, батасын берді. Алла тағала жасалған қайымдардың қайырын берсін.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: