#Шу: Бас имам жастарға сұхбат берді

#Шу: Бас имам жастарға сұхбат берді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биылғы қаңтар бұрынғысынан бөлек болды. Талап-тілектерін айтып шыққан азаматтардың  бейбіт шеруінің  соңы бүлікшілердің бас пайдасына шешіліп, бір-екі күннің ішінде астаң-кестеңіміз шықты.  Қаншама қан төгілді, қаншама ғимараттар өртке оранып, көптеген азаматтар қаңғыған оқтың құрбаны болды. Құқық  қорғау органдарының қызметкерлерін аяусыз соққыға жығып, біршамасы қызмет атқару кезінде шейіт болды. Ең басты байлығымыз бейбітшілік екенін біз осы кезде ұғындық.

Жуырда  Шу ауданының бас имамы Бахтияр Әміреев аудандық «Жастар ресурстық орталығында» болып, «Бүлік шығару үлкен күнә» тақырыбында сұхбат берді. Бахтияр Амантайұлының биылғы жылға бірінші сұхбаты болғанмен, жастарға кеңес беру бағытындағы осындай шаралар өткен жылы да өткен болатын. Әлеуметтік желідегі тікелей эфирде өткен сұхбатта бас имам жүргізушінің сұрақтарына жауап беріп, жастарға ақыл-кеңесін беріп, бүлік шығару үлкен күнәләрдің бірі екендігі туралы нақты деректерді  келтірді.

         Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: