#Шу: Есеп алу – есті амал

#Шу: Есеп алу – есті амал

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Есеп, мөлшер, жоба адамзат баласына аса  қажетті. Әсіресе әр айда, әр жылда атқарған шаруаларыңды біліп, қателермен жұмыс істеу керек. Ол туралы қазақтың ақылманы Абай атамыз жиірек айтып, өз өзіңнен есеп алу есті амал екенін ескертіп кеткен.

Таяуда Шу ауданы «Төле би» мешітіне  шаһардағы «Айтқұл баба» мешітінің имамы Бахтияр Нармұханов келіп, жоғарыдағы тақырып турасында уағыз айтқан болатын. Аудан орталығындағы мешіттің жамағатымен жүздесуде «Өзіңді есепке алу» мәселесі тереңінен қозғалып, жамағат сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ аталған уағыз әлеуметтік желідегі тікелей эфир арқылы да таратылды.

Бекітілген кестеге сәйкес білікті дін қызметкерлері алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра беретін болады. Ол жайлы жазып отыратын боламыз. 

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: