#Қордай: 800 шақты тұрғынға азық-түлік таратылды

#Қордай: 800 шақты тұрғынға азық-түлік таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Ел ішінде қиын кезеңдер болып жатқанда бірлік пен ауызбіршілік қана тыныштықты сақтап қалатыны белгілі. Бүгін осы татулықты ұрандатып Қордай орталық мешітінде "Күшіміз - бірлікте" атты қайырымдылық науқаны өтті.

Қордай ауданының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен мешіт имамдарының қатысуымен шамамен 800 адамға азық-түлік таратылды. 

Бұл атаулы көмек тек аудан орталығында ғана емес, ауылдарға да жеткізілді. Ауыл имамдары келіп, мұқтаж тұрғындар үшін көмекті алып, өңір тұрғындарына жеткізіп берді. 

Бірнеше жүк және жеңіл көліктерге тиілген азық халыққа теңдей берілді. Мешітке деген ризалығын айтқан Қордайлықтар қуанып тарқасты.

Қордай аудандық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: