Меркі ауданы: Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің

Меркі ауданы: Қайырымдылық жасасаң қайырымын өзің көресің

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Қайрымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» - деген жақсы сөз бар. Осындай мақсатпен, Меркі ауданы,Мыңқазан ауылы имамын Бейсенов Русланның ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Көмекке қол ұшын созған ауыл азаматтары, мешіт дәретханасының есігі мен терезесін алып берді. Одан бөлек, ауылдағы жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік пен қаржылай көмек көрсетті. Ауыл тұрғындарының тарапынан көрсетілген бұл көмекке, өте қатты қуанып, ризашылықтарын білдірді.

Ауылымызда осындай көзі ашық, мейірімді жастардың көп екені көз қуантады. Қайырымдылыққа атсалысқан ауыл тұрғындарына  айтар алғысымыз шексіз.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: