#Шу: Қала мешіттері қайырымдылық жасады

#Шу: Қала мешіттері қайырымдылық жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қолы ашықтың жолы ашық деген дана халқымыз. Өздеріңді бір құрмамен болса да тозақ отынан арашалап алыңдар деген ардақты Алла елшісінің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисі де бізді барынша қайырымды болуға шақырады.

Жуырда Шу ауданы "Әбу Бәкір ас-Сыдық" мешітінің ұйытқы болуымен аз қамтылған отбасыға 15 мың теңгеге азық-түлік себеті берілді. Мешіт имамы Бақыт Нұрлыханов дүкенге бірге барып, алынған заттардың ақшасын төлеп берді.

Сол сияқты Шу ауданы "Кәрібай молда"  мешіті де игі істен шет қалмады. Халқымызға тән үрдіспен 1 қой сойылып, оның еті 5 жанұяға теңдей таратылды.

Бір ауыз жылы сөзге жанымыз жадырап қалатындықтан мұндай сауапты іске ұйытқы болушыларға көмек алған жандар риза болысты.

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: