#Шу: Тәртіп сақшыларына тамақ таратылды

#Шу: Тәртіп сақшыларына тамақ таратылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Биылғы жылдың басында болған бейберекетсіздік баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Бейбіт шеру соңы бүлік пен бассыздыққа ұласып көптеген отбасы жақындарынан айырылды. Алматы қаласында болған үлкен қантөгістен кейін, сақтық шаралары күшейтіліп, әрбір ауданда блок бекеттер қойылды. Кірген-шыққан көліктер мен азаматтар жіті  тексеріліп жатты. Осы жұмысқа тәртіп сақшыларымен бірге азаматтардан құралған сақшылар блок бекеттерде тәртіпті күзетті.

Осыған орай Шу аудандық «Жәми» мешіті аудан мешіттерінің атынан   тілеулестігін білдіріп, қауіпсіздікті қамтамасыз етіп отырған тәртіп сақшыларына ыстық тамақ таратып, алғыстарын алды. Атап айтқанда 40 адамға әзірленген асты жамағат  үлестіріп шықты.

Қандай қиын кезең болмасын сабырлық пен бірлік қажетті қасиет. Осы  қасиеті сақталған қоғам кез келген кедергіні еңсеретіні сөзсіз. Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: