#Шу: Бірлесіп атқарған іс - берекелі

#Шу: Бірлесіп атқарған іс - берекелі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бес саусақ сынды бірдей емес өмірде әртүрлі тағдыр иелері бар. Жаратушы Иеміз өз пенделерін бар мен де жоқпен де сынайтын жақсы білеміз. Жоққа сабыр етсін десе, барғы қолдағысымен бөліссін, садақа берсін  деп дүниемен сынайды. Сондықтан сахи жомарт болмасақ та ұқсап бағуға тырысып, қайырымдылық жасап тұруға әрекеттенген жөн. Бұл үшін асыл дінімізде үлкен сауап беріледі деп хабарланған.

Жуырда Шу аудандық "Жәми" мешітінің ауласында аталмыш мешітпен "Тараз Қамқор" қайырымдылық қоры 50 аз қамтылған отбасыға қажетті азық-түлік себеттерін таратып, сауапқа кенелгендей болды. Өйткені осы шарада көмек алған аналардың жүздері жадырап, көздері қуанышқа толы болды.

Талғажау болар тарту алғандар шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Сондай-ақ Шу ауданының бас имамы Бахтияр Амантайұлы облыс орталығынан келген қордың жетекшілерін жұртшылыққа таныстырып, оларға бірлескен жұмыс үшін ризашылығын білдірді.

Шу аудандық"Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: