Меркі ауданы әкімінің орынбасары Бегалиев Берік Дүйсенбайұлының ұйымдастыруымен орталық «Меркі ата» мешітінде ауданға қарасты мешіт қызметкерлері, ардагерлер кеңесі мүшелері мен ішкі саясат бөлімі өкілдері қатысқан жиын өтті.
Жиында қоғам арасындағы ынтымақ-бірлік аясында сөз қозғалды. Ежелден белгілі ынтымақ-бірлік бар жерде тыныштық, ауызбірлік, сыйластық, бір-біріне деген мейірім-махаббат орнайтыны анық. Бір ел, бір ауыл болып, бір нанды бөліп жеген ақыл-санасы бар адам, еш жаманшылыққа бармауы керек.
Жиын соңында имам-молдалар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып тұшымды жауаптарын алды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі