Елімізде болған соңғы оқиғалар жанымызды ауыртып, көпшілікті уайымға салды. Мемлекетімізде көптеген адам және зат шығыны болды. Алла деп дүрбелең тоқтап, билікте өзгерістер орын алды. Жаңа реформалар қабылданды.
Осыған орай, ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша Бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев бастаған облыстық мешіттің қызметкерлері, Тараз қаласының бас имамы Орынбасар Дәуренбеков бастаған Тараз қаласының имамдары көмек ретінде 1 күндік жалақыларын "Халық" қорына аударды.
Еліміз бен жерімізде егемендігіміз жасап, халықтың аман болуын тілейтін имамдар қашанда дұғада. Дін мамандары осындай қиын сәтте насихатымен де, қаржылай да қолғабыс болуыға дайын екендерін көрсетті.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі