Имамдар кезекшілікте тұрған әскери қызметкерлерді ыстық тамақпен қамтамасыз етті

Имамдар кезекшілікте тұрған әскери қызметкерлерді ыстық тамақпен қамтамасыз етті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың зиялы қауым, спортшылар, имамдар және жастармен кездесуі өтті.

Шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Бейбіт Мырзагелдиев, мешіт істері жөніндегі меңгеруші Халид Қожахметов, Облыс бас имамының көмекшісі Ілияс Тұрғанов, облыстық "Һибатулла Тарази" мешіттің наиб имамдары Нұралы Бақытұлы, Ержан Аманбаев, Абдужаппар Амиров, Ғалымбек Жапек, Тараз қаласының бас имамы Орынбасар Дәуренбеков, қала мешіттерінің имамдары Ораз  Баймаханов, Бекболат Мыңбаев қатысты.

Жиында соңғы оқиғалар, жасалған әркеттер талқыланып, Отанымызға деген махаббат, бірлесе күш жұмылдырып, қоғамды ауызбіршілікке шақыру мәселесі қозғалды. 

Елдегі жағдайды тұрақтыландыру үшін Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешіті мен Тараз қаласының имамдары «бір күндік» жалақыларын мемлекеттік қорға аударды. Сонымен қатар кезекшілікте тұрған әскери қызметкерлерді ыстық тамақ пен ыстық шай, азық-түлікпен қамтамасыз етті.

Ел ішінде дұрбелең ушыққан уақытта имамдар халықты ынтымаққа, бірлікке шақырып, орталық алаңда насихат жұмыстарын жүргізіп, халық тарқағанша араңдатушы топтармен әскерилердің арасында қақтығыстардың алдын алуға өз үлестерін қосқанын да атап айту керек.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: